Қоғамдық қабылдау туралы

Қоғамдық қабылдау туралы

🔸 2025 жылғы 5 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау ұйымдастырылды.

🔸 Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, тұрғын үй кезегіне тұру, үй салуға жер телімін бөлу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты өзекті мәселелерін көтеріп, тиісті ұсыныс-пікірлерін білдірді.

🔸 Кездесу кезінде мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, көтерілген мәселелерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, қабылдауға Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызметтер, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік талдау бөлімінің бас маманы Д.У. Султанғалиев қатысып, тұрғындардың сауалдарына өз құзыреті шеңберінде нақты жауаптар берді.

🔹 Азаматтарды қабылдау – елмен тікелей байланыс орнатудың, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін табуға ықпал етудің маңызды алаңы болып табылады.