«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы туралы

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы туралы

🔸 2025 жылғы 30 мамырында Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акциясы өтті.

🔸 Шара барысында облыс тұрғындары жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелер бойынша басқарманың мамандарынан кәсіби және нақты кеңес алып, өздерін толғандырған сауалдарға жан-жақты жауаптар алды.

🔸 Аталған іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау аясында тегін заңгерлік кеңес беру арқылы олардың құқықтарын қорғауға жәрдемдесу болып табылады. Бұл акция азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың күнделікті өмірде кездесетін құқықтық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін нақты қадамдардың бірі саналады.

🔸 Сонымен қатар, бұл акция халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы өзара әрекеттестік деңгейін арттыруға септігін тигізді.