Батыс Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Р.Хайруллинаның Батыс Қазақстан облысының басқарманың ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы-Абдувахид Абытханұлы Бабаханов дін саласы, теріс діни ағымдар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
А.Р.Хайруллина «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12 бабының талаптарын сақтау атап айтқанда, «Ойын бизнесі туралы» Заңнаманың сақталуы туралы, шектеулерді сақтау бойынша, Әдек кодексінің 10-тармағына сәйкес қызметтен тыс жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және т.б. жағдайларға жол берілмеу керектігі жөнінде, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал жақсарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.