2025-2027 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

2025-2027 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

    ҚР Экологиялық кодексінің 29 бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органымен 2025-2027 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалды.

 ⚡️Іс-шаралар жоспарына облыстың экологиялық мәселелерін кешенді түрде шешуге бағытталған ҚТҚ полигонын салу, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу, улы, тарихи қалдықтарды жою бойынша шаралар және сол сияқты негізгі табиғат қорғау шаралары енгізілген.

🔹️Іс-шаралар жоспарын талқылау үшін мүдделі жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында  2025 жылдың 24 ақпанында қоғамдық тыңдау өткізілді.

⚡️Қоғамдық тыңдауға мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың, жобалық ұйымдардың өкілдері, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары, Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті мамандары қатысты. Талқылау барысында іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар берілді.