«Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы

«Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ағымдағы жылдың 23 наурызында сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтетінін хабарлайды.

«Жер сағаты» - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін оқиға, оған бүкіл әлемнен 2 млрд.астам адам қатысады. Акцияның мақсаты - планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

«Жер сағаты» акциясы барысында WWF ғаламшардың болашағына  бей-жай қарамау белгісі ретінде жарықты және тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге шақырады.