Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи министрлігінің тапсырмасымен «World Cleanup day» республикалық акциясының қорытындысы.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи министрлігінің тапсырмасымен «World Cleanup day» республикалық акциясының қорытындысы.

«World Cleanup day» акциясына 8534 адам қатысты, олар: еріктілер, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің қызметкерлері, студенттер және барлық аудан әкімдіктері белсенді қатысып, тазарту жұмыстарды ұйымдастырды.

Акцияға қатысушылар облыстың көшелері мен саябақтарын, өз кәсіпорындарының, мекемелерінің, сауда орталықтарының, білім беру мекемелерінің, үйлердің, өзендердің жағалауларын, көлдер мен ормандарды қоқыстардан және басқа да қалдықтардан қоршаған аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстарды атқарды.

Акцияны облыстың барлық тұрғындары қолдады. Республикалық сенбіліктің нәтижелері бойынша 22 орын анықталды, оның ішінде 5 стихиялық қоқыс тастайтын жерлер, 9 рекреациялық аймақ, 8 аула аумақтарын, тұрғын үйлерді, сауда объектілерін, қоғамдық тамақтану орындарын, кеңсе мекемелерін тазалау.

30-ға жуық техника жұмылдырылды. 432,5 тонна қоқыс жиналды, оның 52.4 тоннасы қайта өңдеуге берілді, 942 га аумақ тазартылды.