Батыс Қазақстан облысына жергілікті жерлердегі су проблемаларымен және оларды шешу жолдарымен танысу үшін жұмыс сапары.

Батыс Қазақстан облысына жергілікті жерлердегі су проблемаларымен және оларды шешу жолдарымен танысу үшін жұмыс сапары.

Мемлекет басшысының су дипломатиясын дамыту қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес, «Қауіп-қатерлерді төмендету жөніндегі топ» нидерландық бағдарламасы бойынша (DRR-Team) өкілдері 2022 ж. 7-8 қыркүйек аралығында жергілікті жердегі су проблемаларымен және оларды шешу жолдарымен танысу үшін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Су ресурстарын басқару жөніндегі сарапшы Р.Бош және инновациялық модельдеу мен тиісті құралдар жөніндегі сарапшы М.Зуйдервейк қатысуымен және мүдделі орган өкілдерімен қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Жайық өзенінің қазіргі жағдайы таныстырылды, өңірде алаңдатушылық тудырып отырған факторлер алға қойылды, сонымен қатар зерттеу жұмысына қажетті ақпараттар берілді.

Батыс Қазақстан облысындағы ерекше болып табылатын Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесін реконструкциялаудың 4 кезеңі жұмысы барысымен, «Қазгидромет» БҚФ-да болып, тасқын суды болжау жұмыстары таныстырылды. Алдағы уақытта су саласында қажетті ақпаратпен алмасуға уағдаластық жасалды.