
«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 580 Жарлығына сәйкес, қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік Жастар кадр резервіне іріктеу басталуда.
Аталған резервке іріктеудің бірінші кезеңі – кандидаттардың құжаттарын қабылдау ағымдағы жылдың1 қыркүйегіненбастап арнайы әзірленгенpkrezerv.gov.kzцифрлық платформасында онлайн режимде жүргізіледі.
Резерв бойынша толық ақпараттыpkrezerv.gov.kz сайтынан табуға болады.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз.