БҚО ӘКІМІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

БҚО ӘКІМІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қойылған сұрақтарға сәйкес азаматтармен әңгімелесуге Орал қаласы әкімдігінің басшылығы, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Өтініштер негізінен жұмыспен қамту, жол, абаттандыру және басқа да мәселелерге қатысты болды.
Қабылдау барысында облыс орталығының тұрғыны көктемгі және күзгі кезеңдерде инватаксидің еркін өтуі үшін Зачаганск кентінің Сарытау шағын ауданындағы үйіне дейінгі жолды асфальттау туралы сұрақпен жүгінді. Облыс әкімі көліктің өтуі үшін қыркүйек айының соңына дейін жағдай жасалатынын, сонымен қатар ені 1,2 метр болатын тротуар салынатынын атап өтті.
Орал қаласының мүмкіндігі шектеулі тұрғыны да жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Азамат осыған дейін қоғамдық жұмыстармен айналысқанын, бірақ жұмыс орнын ауыстырғысы келетінін, өйткені Зачаганск кентінде тұрып, қала орталығына баруға мәжбүр екенін атап өтті. Өңір басшысы өтініш білдірушіден түйіндеме жіберуді сұрап, тиісті басқарма басшысына азаматтың үйінің жанынан лайықты жұмыс іздеуді тапсырды. Облыс әкімі сондай-ақ Зачаганск кентінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдауға қатысты заң нормаларын ұйымдардың орындауы туралы ақпарат беруді тапсырды.
Облыс әкіміне қала тұрғыны Самал шағын ауданындағы аула аумағын абаттандыру жобасы туралы ұсыныс жасады.
Облыс әкімі атап өткендей, инвестор қазіргі таңда бұл аумақты абаттандыруда. Сондай-ақ, ол демалыс алаңдары бар дендропаркке де көңіл бөлуге дайын екенін жеткізді. Өңір басшысы тұрғын ұсынған жобаның идеялары, сондай-ақ техникалық шешімдері демалыс паркін құруда пайдалы болатынын атап өтіп, жобаны бірлескен жұмыс перспективасы үшін инвесторға ұсынатынын атап өтті.
Өңір басшысы, “Nur Otan” партиясының БҚОФ төрағасының тұрақты қабылдауына жазылғысы келетін тұрғындар келесі нөмірге қоңырау шалуы керек 8 (7112) 24-44-77, 7 777 228 0372.