БҚО-ДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

БҚО-ДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысында Зачаганск кентіндегі "БАТЫС" медициналық хабы – "Салауатты Астана" ЖШС жобасы ұсынылды, оны МЖӘ шеңберінде ТИЗО құрылысы аяқталмаған ғимаратының базасында іске асыру жоспарлануда. Жоба ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетуді көздейді. Инвестицияның жалпы сомасы-150 млн. 1-ші кезеңдегі қуаттылық ауысымына 500 келушіні құрайды. Жобаны іске асыру 450 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Облыс әкімі медициналық қызмет деңгейі жақсы болған жағдайда қаланың осы бөлігінің тұрғындары қызығушылық танытып, аталған медициналық мекемеге тіркелетінін атап өтті. "Alar Trade Agro Jaiq" ЖШС Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы ешкі сүті мен сүт өнімдерін өндіру фермасының жобасын ұсынды. Жобаны бұрынғы Ақжайық колледжінің аумағында ғимараттарды, іргелес аумақтарды, сондай-ақ ауданы 1100 га жер учаскесін қолдана отырып іске асыру жоспарлануда, салымдардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд.теңге. Жобаның қуаттылығы 1 – кезеңде – заанен тұқымды 200 бас ешкі сатып алғанда-жылына 27000 литр ешкі сүті, 2-кезеңде сүзбе, кілегей, май, ірімшік шығару және 3 жыл ішінде мал басын 1000 басқа дейін ұлғайту жоспарланған. Колледж базасында қарбыз өнімдерінің шағын өндірісін құру жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде облыс әкімі "aqjaiyq "ӘКК" АҚ-ға қазір жұмыс істемейтін және тоқтап тұрған бұрынғы Ақжайық колледжін жобаға беру мәселесін пысықтауды тапсырды. "Е.М. Куксова" ЖК отырысы барысында қайталама шикізатты қабылдау және қайта өңдеу, айына 1000 тонна қуаттылығы бар крафт қағаздар мен гофротарлар дайындау бойынша 1,2 млрд. теңгеге инвестициялық жоба және Орал қаласында 500 орындық ғимаратты реконструкциялау және мектеп ашу жобасы, инвестициялар көлемі 1,5 млрд. теңге ұсынылды. Мемлекеттік қолдау аясында облыс әкімі спорт алаңына аумақ бөлуге, сондай-ақ ҚР БҒМ Қаржы орталығымен күрделі және операциялық шығындарды өтеу бойынша шарт жасасуға көмек көрсетуді тапсырды.   Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық уәкілетті органдарға жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Осы жобаларды іске асыру негізгі капиталға инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді және басым салаларды: целлюлоза-қағаз өнеркәсібін, білім беруді, АӨК және медицинаны дамытуға үлес қосады.