БҚО ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

БҚО ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Атырау қаласында болып, жеке индустриялық аймақтың құрылтайшысы әрі басшысы Ибрагим Ақдрашевпен кездесті. Кездесу барысында индустриялық аймақ аумағындағы арнайы және азаматтық киім тігу жобалары, ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар талқыланды. БҚО әкімі жеке индустриялық аймақта болып, нан-тоқаш және макарон өнімдерін шығаратын цехтарды аралап көрді, сондай-ақ жергілікті өндірістің дайын өнім үлгілерімен танысты. Жеке индустриялық аймақ құрамында нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт, ауыз су өндіретін цех, шаруа қожалығы, макарон өнімдерін шығаратын цех, диірмен, ет комбинаты, тігін цехы, сондай-ақ асфальтбетон зауыты бар заманауи әртараптандырылған кәсіпорын болып табылады. ЧИЗ қызметі аясында 244 жұмыс орны құрылды. Облыс әкімі сондай-ақ "АМАНЕР" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы дақылдарын жасанды жаңбырлатып суару әдісімен танысты. ШҚ негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылықтың иелігінде 578 га шабындық және 1412 га жайылым, 1500 бас ІҚМ, қой мен ешкі, сондай-ақ 110 бас жылқы бар, оларды жаю үшін жайылым периметрі бойынша электронды бақташы жүйесі орнатылған. Электронды жайылым жануарлар мен жайылымдарға бақылау жүргізетін бірден бір ұтымды тәсіл болып табылады.  Сонымен қатар, биылдан бастап ШҚ 50 га жүгері өсіруге және тағы да 50 га жем- шөп егуге кірісті. Суару үшін барабан типті жаңбырлатқыш машина қолданылады. Мұндай арнайы техниканы сатып алуды мемлекет 50% субсидиялайды. Ауыл шаруашылық дақылдарын жаңбырлатып суғаруға арналған бұл қондырғы бір жұмыс күні ішінде 6,5 га жерді суаруды қамтамасыз ете алады, ал суды үнемді пайдаланады. Жыл сайынғы су тапшылығын ескере отырып, мұндай артықшылық азық-түлік өндірісінің тиімділігіне оң әсер етеді. Мұндай машиналар жоғары мобильді, қарапайым құрылымдық және ылғалға мұқтаж дақылдарды біркелкі суаруды қамтамасыз етеді. Суару кезіндегі жаңбырдың максималды диапазоны 70-тен 110 м-ге дейін жетеді.