БҚО-да 10 қарашадан бастап шектеу шаралары енгізіледі (Қаулының толық мәтіні)

БҚО-да 10 қарашадан бастап шектеу шаралары енгізіледі (Қаулының толық мәтіні)

2020 жылғы 08 қарашадағы  № 33

Орал  қаласы

«Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы» ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 102, 104-баптарының және Сovid-19 ауыратын науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының қамту пайызының есептік өлшемдері негізінде-28,7%, КВИ-ден өлім-жітім көрсеткіші-1,7%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R-1,63 негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Батыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап 23 қарашасына дейін шаруашылық және (немесе)  өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізу.

  • демалыс күндері (сенбі, жексенбі) эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін периметр бойынша Орал қаласына және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО)  аудандарына кіру/шығу жерлерінде санитарлық посттар орнату;
  • Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
  • Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына:
  • - респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;
  • - 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсетуге, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында қашықтықты сақтай отырып тамақтану кезінде медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті;
  • - 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда жеке және кемінде 2 (екі) метр қашықтықты сақтап, 5 адамнан аспайтын топтық спорт түрлерімен айналысатындарды қоспағанда, ашық жерлердегі қоғамдық орындарда медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті;
  • - жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметшілерін, жергілікті әскери басқарма органдарының қызметшілерімен сүйемелденетін   әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процессін қамтамасыз ететін жұмысшыларды  қоспағанда БҚО елді мекендерінің аумағы тұрғындарының қозғалысын 23: 00-ден 6: 00-ге дейін шектеу.
  • - 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;
  • - жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамнан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу;
  • Орал қаласының және аудан әкімдеріне:
  • - полиция Департаментімен бірлесіп Орал қаласында карантиндік аймақ периметрін   уақытша орнатуды қамтамасыз ету және облыс аудандарынан кіретін/шығатын жерлерде кіру/шығу бекеттерін анықтап, санитарлық посттар орнату;
  • - осы қаулының қосымшасына сәйкес санитарлық посттардың қызметін жүзеге асыру;
  • - санитарлық посттарда жұмыс атқаратын қызметтерді қажетті заттармен, азық-түлікпен, электр қуатымен жабдықтау.
  • Орал қаласының әкіміне, БҚО денсаулық сақтау басқармасына, БҚО полиция департаментіне, Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына:
  • кіруді / шығуды бақылау үшін санитарлық посттардың жұмысын қамтамасыз ету.
  • - санитарлық посттардың жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін;
  • осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыстың аумағына  және Орал қаласының аумағына кіруіне / шығуына тыйым салынсын.
  • Санитарлық посттар арқылы кедергісіз кіруге / шығуға (жол парақтарын, жұмыс бұйрықтарын, тапсырма жоспарларын, жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде) төмендегілер үшін рұқсат етілсін:
  • - халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • - медициналық көрсеткіштер бойынша  кіретін және шығатын адамдар;
  • - карантинді стационарларда емделушілер мен бақыланушылар;
  • - жүк тасымалдаушылар мен транзиттік жолаушылар;
  • - ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;
  • - күзгі дала жұмыстарына, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауылшаруашылық жұмыстарына, жолдарды жөндеуге, авариялық-құтқару қызметіне, аса қажет тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық жанар-жағар май материалдарын жеткізушілермен, сондай-ақ барлық жүк тасымалымен айналысатын адамдар, облыстың шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін жабдықтармен және материалдармен айналысатындар, растайтын құжаттарды (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін - жұмыс орнынан мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) көрсеткен кезде;
  • - тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері) саяжай үйлеріне (саяжайларға, омартаға,  қыстаққа) бару үшін құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен кезде;
  • - жақын туысқаны (әкесі, анасы, ағасы, апасы, балалары) қайтыс болған тұрғындарға;
  • - тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қайту кезінде жұмыс берушінің мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде.
  • Ерекше жағдайларда осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда адамдардың жекелеген санаттарына аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және кіруге рұқсат ауданның / қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;
  • Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Орал қаласының әкімі, аудан әкімдері, "Атамекен" ӨКП:
  • БМСД-нің № 58 қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тиісті Дайындық актілерін алғаннан кейін объектілердің қызметін жандандыруды;
  • - InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкес келетін Сәйкестік Актісі негізінде;
  • - көпшілік мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің  кіре берісінде санитариялық нормаларға Сәйкестік актісін көзге көрнетін жерге орналастыруды;
  • - шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;
  • - бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер  дер кезінде шара қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды;
  • - шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудитор ұйымдарының тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;
  • - InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға және № 43 ҚРБМСДҚ-ға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);
  • - «InfoKazakhstan» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық түрде беруді<strong> қамтамасыз етсін.
  • Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Орал қаласының әкімі мен аудан әкімдері қамтамасыз етсін:
  • - ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге жол бермеу;
  • - барлық ойын-сауық объектілерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтата тұру;
  • - спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;
  • - Әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын адамдардың кіруіне шектеу қою (қарттарды, жүгі бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қарсы алатын және шығарып салатын адамдарды қоспағанда), адамдардың жиналуына жол бермеу;
  • Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:
  • - коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% "қашықтықтан" жұмыс нысанына ауыстыру;  "Қашықтықтан" жұмыс нысанына бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру. Жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және офлайн режимде өтпейтін бейнеконференцбайланыс арқылы өткізе отырып ауыстыру.
  • - Халыққа қызмет көрсету орталықтарының,  (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде арнайы  ХҚКО-ның жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері  сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін белгілей отырып,   ұйымдастырылсын. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;
  • - мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) (түскі үзіліспен) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақытын шектей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Орал қ. бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала жазылу немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармалар алдын ала жазылу бойынша  халыққа қызмет көрсетулерін ұсынылады;
  • - сыныптарда 15 балаға дейін білім мекемелерінде мектеп алды оқушыларына кезекшілік сыныптарының, ата-ана өтініші бойынша 1-4 сыныптарға  15 балаға дейін  5-тен 180 баланы қамтитын мектептердің жұмысына рұқсат беру;
  • - балалар түзету кабинеттері, балалардың білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын –ала жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • - мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарындағы (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі керуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр;
  • - медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • - медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
  • - стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
  • - халықтың тұруы бойынша қызметтері саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т.б.) толу коэффициенті 50% -дан аспасын;
  • - Халыққа қызмет көрсету объектілері: Автожуу, ТҚС, автомобильдерді жөндеу-сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, тұрмыстық техника және т.б. жөндеу - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • - банк қызметтері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • - бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың қызметтері және нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің заң қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;
  • - моншалар, сауналар жұмыс күндері: сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (1 келушіге кемінде 4 ш. м есебінен объект сыйымдылығының 50% - дан аспай толуы тиіс);
  • - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда: мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар және басқаларында (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін) кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық және маска режимі сақталсын;
  • - мәдениет объектілеріне тек жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін (1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен толтырылуы 50% - дан аспасын). Ұжымдық дайындық өткізуге тыйым салу;
  • - діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге 30% - дан аспайтын және кемінде 5 м2 толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;
  • - азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);
  • - күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
  • - сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес);
  • - қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс). Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) келушілерді қабылдамай, тек жеткізу үшін жұмыс жасау;
  • - сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, Ѕра центрлер (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (объектінің 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр). Жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;
  • - фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, Спорт және тренажер залдары - алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% - ынан аспайды). Жексенбі күндері  жұмысты тоқтата тұру;
  • - бассейндер алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күндері тоқтата тұру;
  • Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес):
  • - азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар) жұмысын тоқтата тұру;
  • - азық-түлік емес және азық-түлік ашық және жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
  • - діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмысын тоқтата тұру;
  • - мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындық), кітапханалардың, мұражайлардың және т. б. жұмысын тоқтата тұру;
  • - қоғамдық автокөлік жұмысын тоқтату;
  • Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:
  • Қоғамдық автокөлік шектеулі режим шеңберінде жұмыс күндері: сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, біркелкі қозғалыс кестесімен, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен жұмыс істейді.
  • Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету.
  • Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.
  • Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.
  • Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.
  • Халықаралық екі жақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтары) COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (ПТР әдісімен, оның нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын) ұсынуға міндетті. Қазақстан азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР тест нәтижелерін бергенге дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылады.
  • Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:
  • - «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • - персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;
  • - үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;
  • - келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;
  • - үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;
  • - үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;
  • - келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;
  • - жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.
  • Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшыларына:
  • - Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;
  • - халықты  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды;
  • - әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;
  • - карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды;
  • - COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) ауыратын науқасты сұрастыруды;
  • - тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;
  • - үй карантиніндегі байланыста болған сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғызу арқылы хабарлау;
  • - инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылау;
  • - халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар ету;
  • - COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
  • - санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау;
  • - медициналық ұйымдардың  автоматтандырылған жүйесі  арқылы байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды  <strong>қамтамасыз ету.
  • Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына:
  • - Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындау.
  • Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:
  • - шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырылсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе сәйкес еместігі анықталса, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына дереу материалдар жіберілсін;
  • - БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен бірлесіп мониторинг топтарының жұмысы жандандырылсын;
  • - covid-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) расталған жағдаймен жақын байланыс ретінде анықталған асимптоматикалық ағымы бар адамдар (тасымалдаушылар) мен қоршаған ортадағы адамдардың үй карантині шарттарының сақталуын бақылауға жәрдемдесу);
  • Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына, Орал қаласының әкіміне, аудан әкімдеріне:
  • - бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар етуді;
  • - халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеуді;
  • - облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
  • Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қазандағы №31-ПГВр "Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы" қаулысының күші жойылды деп саналсын;
  • 15.1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласында қызметті жүзеге асыратын Батыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының тиісті аумағындағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  • 15.2.Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  • 15.3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  • Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е. Мұстаевқа жүктелсін.
  • Осы қаулы 2020 жылғы 10 қарашадан бастап заңды күшіне енеді.
  • Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                  М.Арыспаев