«Хан Ордасы» алғашқы қорығының тарихи-экологиялық маңызы және Қазақстанды жаңарту идеяларын іске асырудағы көгалдандырудың рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжербиелік конференция өтті

«Хан Ордасы» алғашқы қорығының тарихи-экологиялық маңызы және Қазақстанды жаңарту идеяларын іске асырудағы көгалдандырудың рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжербиелік конференция өтті

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Қазақстандағы алғашқы орман шаруашылығының құрылғанына 135 жыл толуына орай «Хан Ордасы» алғашқы қорығының тарихи-экологиялық маңызы және Қазақстанды жаңарту идеяларын іске асырудағы көгалдандырудың рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжербиелік конференция өтті.

Аталған конференцияда Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, БҚО бойынша Экология департаментінің, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографилық музей-қоырығының өкілдері және конференция қонақтары баяндама жасады.