Келе жатқан мейрам қарсаңында заңсыз ағаш кесу қауіпі артуы мүмкін. Әрбір кесілген шырша – жай ғана жоғалған ағаш емес, табиғат ондаған жылдар бойы қалыптастыратын экожүйеге келтірілген залал.
Өңірімізде қылқанжапырақты ағаш түрлерін қорғау мақсатында ауқымда бірқатар жұмыстар басталған болатын. Бөрлі, Орда, Январцев және Орал орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің аумақтарында құқықтық қорғау органдарымен бірлескен 23 мобильді топ құрылды. Бұл – ормандарымызды сақтап, заңсыз ағаш кесудің алдын алуға бағытталған маңызды қадам.
6 желтоқсаннан бастап рейдтік іс – шаралар тұрақты негізде жүргізілуде. Бақылау шаралары күшейтілді. Заңсыз ағаш кескені үшін – айыппұлдар, келтірілген шығындарды өтеу, сондай – ақ қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Ең маңызды шара – әрқайсысымыздың саналы әрекетіміз. Мерекелік безендіруді таңдау, экологиялық бастамаларды қолдау және табиғатқа құрметпен қарау – ортақ табиғатымызды қорғауға зор үлес.