Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі облыстық жоспардың орындалуы

Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі облыстық жоспардың орындалуы

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсаны күні облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетовтың төрағалығымен Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі облыстық жоспардың орындалуы және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері тақырыбында кеңес өтті. Кеңесте жоспардағы шаралардың  орындаушысы болып табылатын табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, қоғамдық даму басқармасы, білім басқармасы басшыларының атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалары тыңдалды. Кеңеске қатысушы аудандық әкімдіктер мен салалық органдар басшыларына бекітілген шараларды және облыстық прокуратура алқасының хаттамалық тапсырмаларын уақытылы орындау туралы нақты тапсырмалар берілді.