Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда

Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда

Бүгін өңір басшысы қабылдауға жазылған азаматтармен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді. Осылайша карантиндік режим талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, бейне байланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қосылды.

Өтініш білдірген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй, құқықтық және дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді көтерді. 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтынан ақпарат.