Қалалық демалыс саябағында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және елімізде атап өтілетін Экологтар күні кең көлемде аталып өтті. Аталған шараға 250-ге жуық адам қатысты. Осы шарада қалалық білім беру бөлімінің ұйымдарының «Қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдар», «Табиғи материалдар көрмесі», «Эко бұйымдар», «Экомакеттер», ««Save The Planet» тақырыптарында көрмелер көрсетілді. Көрменің мақсаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қалдықтарды қайта қолданудың маңызын ұғындыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы табиғатты қорғауға баулу болып табылады.