Еңбек ардагерімен кездесу өтті.

Еңбек ардагерімен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 8 маусым күні облыстық білім, жастар саясаты, ішкі саясат және мәдениет басқармаларының мамандары мемлекеттік қызмет саласының ардагері Сүлеймен Серік Кенжебекұлымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Серік Кенжебекұлы өзінің еңбек жолындағы қызықты да, қиындығы көп жылдарды еске алып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас буынға ақыл кеңесін айтты. Мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар да өз кезегінде сауалдарын қойып, еңбек ардагеріне деген тілектерін жеткізді.