8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше күтімді талап ететін балалардың аналарына мерекелік концерт өткізілді

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше күтімді талап ететін балалардың аналарына мерекелік концерт өткізілді

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен  8 наурыз - «Халықаралық әйелдер күніне» орай ерекше күтімді талап ететін балалардың аналарына мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертте балаларға аниматорлық қызмет және “Достық” балалар аула клубының тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Сондай-ақ, аналарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сыйлықтар табысталды.