"Көрерменмен жұмыс" тақырыбында онлайн шеберлік курсы өтті.

"Көрерменмен жұмыс" тақырыбында онлайн шеберлік курсы өтті.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні облыстық "Көңілді Тапқырлар Клубы" ойыншыларының шеберлігін арттыру мақсатында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Көрерменмен жұмыс" тақырыбында онлайн шеберлік курсы өтті. Шеберлік курсын өңірімізге танымал КТК ойыншысы, Республикалық Жайдарман ойындарының редакторы Қасиет Кәрім, Республикалық Жайдарман Жоғары лигасының чемпионы, Фемида командасының ойыншысы - Азамат Жадырасынов, Республикалық КТА сайыстарының қола жүлдегері, КазИИТУ құрамасы командасының ойыншысы – Баянғалиев Аскербек жүргізіп, ойыншыларға сахнада тұрып көрерменмен жұмыстануды үйретті.