«Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы!»

«Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы!»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жұмысты ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруға бағытталған «Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы!» атты кездесу шарасы өтті.  Шараға «САБА» этно кешенінің ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушысы, жеке кәсіпкер,  М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушысы -  Наурызбаев Нұрлыбек Нұрғалиұлы қатысып,  студент жастарға ұлттық құндылықтардың маңыздылығын тереңнен түсіндіре отырып, «САБА» этно кешенінің құрылуының Тәуелсіздіктің бір жеңісі екенін атап өтті. Айта кетейік, осы кездесуден кейін этно кешен жанынан құрылған ұлттық спорт түрлерінен ашылған үйірмелердің қатысушылар саны көбейді.