Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында әскери-патриоттық ойын өтті

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында әскери-патриоттық ойын өтті

Ағымдағы жылдың 13 қазан  күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері  басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында әскери-патриоттық ойын өткізді. Шараның мақсаты жастарды  Отан  сүйгіштікке тәрбиелеуге және олардың Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс істері бойынша көмекшісі Мұратов Мақсат Жакиевич қатысып, жастарды отан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Ойын оқжатарды жарақтау, АК-74 ММГ толық емес бөлшектеу және жинау, жалпы әскери қорғаныш костюмін кию, мылтық ату сияқты кезеңдерден тұрды. Ойын қорытындысында жалпы командалық есепте 1 орынды Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі иеленсе,                    2 орынға Орал сервис технологиялық колледжінің қол жетікізіп, 3 орынға Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері табан тіреді. Сондай-ақ әр кезең бойынша жекелей және жалпы командалық есепте жеңімпаздар анықталып арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.