«Деструктивті ағымдардан жастарымызды қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

«Деструктивті ағымдардан жастарымызды қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

2021 жылдың 7 қазан  күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері  басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі Бәйтерек ауданы жастарымен «Деструктивті ағымдардан жастарымызды қорғау» тақырыбында теолог маман Әсет Раманкуловтың  қатысумен семинар-тренинг өтті. Тренинг мақсаты жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушылар санасына ұғындыру. Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету және азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, тәрбиелеу. Жастар көкейде жүрген сауалдарын теолог маманға жолдап, мардымды жауапқа қанықты.