«Жайдарман-2020» фестивалі Бәйтерек ауданында өтті

«Жайдарман-2020» фестивалі Бәйтерек ауданында өтті

Жастарды қолдау – мемлекеттің негізгі мүддесі. Қолдап қана қоймай, бағыт бағдар беру – елдік іс. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында ілкімді істер легі өңірдің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жатқаны айқын. Біздің облысымызда да түрлі бағыттағы жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осындай жобалардың бірі Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас дем» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 27  қараша күні Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылында аудандық жайдарман фестивалі ұйымдастырылды. Шараның  негізгі мақсаты «Жайдарман» қозғалысын ауыл жастары арасында кеңінен насихаттау, олардық шығармашылық тұстарын шыңдау және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Аталған шараға 7  жайдарман тобы қатысып, нәтижесінде І орынды «Белес» командасы, ІІ орынды «Виллаж» командасы, ІІІ  орынды «Ампер» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.