«Талов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде барлық қызметкерлер саны 8, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 4, техникалық қызметкерлер – 4. Бос вакансия – көлік жүргізушісі.
2024 жылға жоспарланған бюджет 41 млн 736 мың теңге. Мамыр айына жоспарланған бюджет 74 млн 927 мың теңге «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 7 млн 747 мың теңге қызметтік автокөлік және тіркеме (прицеп) сатып алынды; «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 14 608 770 мың теңгеге тоған бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілді. Шілде айында ауылға жаяу жүргіншілер жолын жайластыру жұмыстарының сметалық есептемесі бекітіліп, ашық конкурс тәсілімен өткізілу барысында мердігер анықталды ТОО «Aqjurek». Мердігер жұмысты толықтай орындамағаны үшін 4 468 000 мың теңге қаражат игерілмеді.
Талов және Майтүбек ауылдарына шөп тасымалдауға 21 510 537 мың теңге қаражат толықтай игерілді.
«Мирэль», «Бірлік», «Аманат» шаруа қожалықтарынан өтінім берілді. 3 адам (С.Кульмаганбетов, Р.Ильясов) мал өсіруші және (Е.Кударов) жүргізуші болып жұмысқа орналасты. Күміс жас бойынша «Құбаш» шаруа қожалығынан өтінім берілді. 1 адам (О.Сапанов) трактор жүргізушісі болып жұмысқа орналасты.
Ғ. Сарбаев атындағы «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені КММ-не 1 маман (А.Садрединова) ақпараттық есептеуші жүйелер жөніндегі инженер болып және 19 шілдеден бастап «Бірлік» шаруа қожалығына А.Мутаев ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі болып жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан 2024 жылға жоспар бойынша 8 адам жұмыс жасады.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жәнібек» спорт клубы КММ-не Мутаев Нуржан дене шынықтыру жөніндегі инструктор болып «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасты.
1 ауыл тұрғынының (Р.Баймурзин) наубайхана ашу бойынша өтініші мақұлданып, қазіргі кезде техникаларын алу барысында.
5 ауыл тұрғыны (А.Джумагалиев, Д. Джулдыбаева, А.Ильясова, Ж.Қайырбай, З.Пергалиева – ірі қара малын бордақылау шаруашылығымен айналысуға) құжаттарын жинақтады. Аудандық жобалық кеңсе хаттамасы тұрғызылып «Aqjaiyq» ӘКК АҚ басқармасына жолданды.
Қазіргі таңда көшіп келуге ниет білдіргендер жоқ. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы, ауыл тұрғындарына ортақ чаттар арқылы ақпараттар ұсынылды.