Батыс Қазақстан облысының тұрғындары "ХҚКО"мобильді қосымшасында бейнеқоңырау арқылы қызмет ала алады

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары "ХҚКО"мобильді қосымшасында бейнеқоңырау арқылы қызмет ала алады

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары "ХҚКО"мобильді қосымшасында бейнеқоңырау арқылы қызмет ала алады

        Жыл басынан бері 6 мыңнан астам азамат "ХҚКО" қосымшасындағы «Бейне қызметі» сервисі арқылы қызмет түрлерін пайдаланды. Ең танымал қызметтер болып жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру, жерлеуге біржолғы төлем тағайындау, көп балалы аналарға арналған жәрдемақы, сондай-ақ ЭЦҚ алу болып табылды.

        Айта кетер болсақ, сервис мемлекеттік қызметтің 79 түрі бойынша қолжетімді. Тапсырыс беру үшін қосымшаның "Бейне қызметі" батырмасын басу қажет, қызметкер байланысқа шығып, қызметалушының жеке басын сәйкестендіре отырып,  қызметті алуға өтінімді тіркейді.

        Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін алғаш алатын азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсыруға "ХҚКО" қосымшасы арқылы өтінім бере алады және кезекті де бейне қоңырау арқылы брондай алады. Бұл жағдайда оператор қажетті құжаттардың сканерленген нұсқасын диалогты терезеде жіберуді сұрайтын болады.

       Қосымша арқылы консультациялық қолдау алып қана қоймай, ХҚКО кезегін брондауға, жақын маңдағы халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жерін көруге, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды білуге болады.

      "ХҚКО" мобильді қосымшасын Play Market және App Store қосымшаларынан жүктеуге болады.