Облыс әкімімен кездесу

Облыс әкімімен кездесу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиев 2023 жылғы 2 ақпанда сағат 10.00-де Жәнібек ауданында аудандық мәдениет үйі ғимаратында халықпен кездесу өткізеді.
Тұрғындар өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын zhanibek_akimat@bko.gov.kz электронды поштасына және whatsapp желісіндегі +7 700 251 3811 нөміріне жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекенжайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.