Құрметті қызмет алушылар!

Құрметті қызмет алушылар!

2023 жылдың басынан бастап Батыс Қазақстан облысында жасына байланысты зейнетақы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5% - ға, жәрдемақылардың, әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5% - ға дейін арттырылды. 

"Қазір әлеуметтік желілерде және мессенджерлер арқылы зейнеткерлерге "22 000 теңге және 60 000 теңге сомасына қосымша әлеуметтік төлемдер алуға өтініш беру қажет" деген ақпарат белсенді түрде таратылуда. Біздің облыста мұндай өзгеріс жоқ. Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтардан 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ, жалған мәліметтерді таратпауды өтінеміз", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні жалақының ең төменгі мөлшері 70 000 теңге, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 53 076 теңгені құрайды.