Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларын құрамын қалыптастыру туралы Жәнібек аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларын құрамын қалыптастыру  туралы Жәнібек аудандық мәслихатының  ХАБАРЫ

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларын құрамын қалыптастыру  туралы Жәнібек аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ

 

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Жәнібек аудандық  мәслихат округтік сайлау комиссияларының  құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

           Саяси партиялардан  округтік сайлау комиссияларының құрамдарына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау 2023 жылғы 1 қаңтардан 15 қаңтарға дейін мерзімде белгіленеді.

     Белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.

            Округтік сайлау комиссиялар құрамына үміткерлер туралы  ұсыныстарды Жәнібек аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Жәнібек ауылы, А.Иманов кошесі №71, сағат 9-00ден 18-00ге дейін қабылдайды.

          Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Назгүл Қабдрешқызы Уәлиева, байланыс телефоны 8(71135)21639.

 

        Жәнібек аудандық мәслихаты келесі округтік сайлау комиссияларын құрады:

          №1 Т.Жароков округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жеңіс көшесі, 2.

           №2 М.Ихсанов округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Абай көшесі, 1 Г.

           №3 М.Маметова округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Комиссия мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнекешев көшесі, 72.

            №4 Х.Халиуллин округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Өтемісов көшесі, 26.

            №5 А.Оразбаева округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі 65.

            №6 Оңтүстік округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылы Т.Жароков көшесі, 28.

            №7 Солтүстік-Шығыс округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Тау ауылы, Абай көшесі,8.

            №8 Батыс округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.  

 Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 1.

            №9 Солтүстік округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Борсы ауылы, М.Мәметова көшесі,7.

            №10 Сарыөзен округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 5 мүше.

 Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, Еңсеуова көшесі, 27.

            

         Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы.

          Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

          Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19 бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

          Сайлау комиссиясына үміткер тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

          Көрсетілген мерзімде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссияларына ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін      Жәнібек аудандық мәслихатына жолдайды, оған мына құжаттарды  жалғайды:

          1) тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан  суырмаларды;    

          2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;

          3)  аудандық мәслихатқа нақты сайлау комиссиясы көрсетіліп, оның жұмысына қатысуға келісімі туралы үміткердің аудандық мәслихат хатшысына нысан бойынша өтініші;

          4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында аудандық  мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдауды сұрайды.

        

         Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттың сайлу комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат пен әкімдіктің  сайтында орналастырылған.        bko-zhanibek , zhanybekmaslyhat.kz.

                     

 

                        Аудандық мәслихат                                                                                                               

                                хатшысы                                           Т.Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынымдамаға 6-қосымша

нысан

 

______________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

______________________________________________хатшысына

 

____________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

облыс, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.,

______________________________________________ тұратын

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

______________________________________________________

(қызметтік, пәтерінің, ұялы телефонының нөмері)

 

Өтініш

Мен,___________________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

Қазақстан Республикасының азаматы,______________________________________________________ __________________________________________________________________________ ұсынылушы    (саяси партия, өзге қоғамдық бірлестік, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының атауы)

 

________________________________________________жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін

(сайлау комиссиясының атауы)

 

Сайлау жүйесінде жұмыс өтілім бар _______________________________________

(иә, ___ жыл/ жоқ)

Жабылмаған немесе алынбаған соттығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымын иеленбеймін.

Парламент депутаты, басқа жергілікті өзін–өзі басқару органдарының, Қазақстан Республикасының соттарының судьяларының мүшесі болып табылмаймын.

Менің ЖСН-ді құзіретті органдарға жабылмаған немесе алынбаған соттылығым, әрекет етуге қабілетсіз, әрекетін шектеу деп тану туралы соттың шешімін белгіленген заң тәртібімен анықтауға сұраныс жіберу үшін пайдалануға келісімімді беремін.

 201__ жыл «____»____________                                       _________________________

(өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық мәліметтер:

 

Туған күні  19 _____ жыл «____» _______________

Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)_________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партияға мүшелігі* _____________________________________________________________________

Білімі       _________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе айналысатын ісі ____________________________________________________

Иеленген лауазымы  __________________________________________________________

Жеке куәлігінің мәліметтері  __________________________________________________

                                            (жеке куәліктің нөмері, кіммен және қашан берілді)

Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын 18 жастан асқан жақын туыстары туралы мәліметтерді  ұсынамын**.

 

Ескерту:

*Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тәуелділігі қалауына байланысты көрсетіледі.

** Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

 

 

Өтінішке қосымша

 

 

Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/с

Жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Ескертпе

1.                   

 

әкем

2.                   

 

шешем

3.                   

 

ұлым

4.                   

 

қызым

5.                   

 

аға-інілерім

6.                   

 

әпеке-сіңлілерім

7.                   

 

атам

8.                   

 

әжем

9.                   

 

немерем

10.               

 

жұбайым (зайыбым)