ХҚО-лар қызметалушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды

ХҚО-лар қызметалушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды

Мемлекеттік корпорация Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәде сый ретінде жалаулар таратуда. Қызметалушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.
Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейтінін еске саламыз.
24 қазанкүні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызметалушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.
23 және 25 қазан – демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.