Оралда жаңа ХҚО секторы ашылды

Оралда жаңа ХҚО секторы ашылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жаңа сектор ашты. Енді Орал қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде ресімдей алады.

Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін ХҚО-ға немесе нотариустарға жүгінуге тиіс болатын. Енді "QURYLYSDEVELOPMENT" ЖШС-нен пәтер сатып алған азамттар компанияның сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады.

"Жаңа сектордың ашылуы сатып алушыға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын құрылыс компаниясының сату кеңсесінде нотариустың қатысуынсыз тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, клиенттер  жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасауға уақыт пен ақшалай қаражатын үнемдейді", - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Жылжымайтын мүлікті ресімдеу кезінде ХҚО мамандары сатып алу-сату шартын жасайды, мәміле жасайтын тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын, олардың құқықтық қабілеттілігін тексереді. Содан кейін жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Айта кетейік, мәміле жасау үшін сатып алушы жұбайының нотариалды куәландырылған келісімін немесе иеліктен шығарылған немесе сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтындығы туралы өтініш беруі керек.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі