Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу - сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің қатарында

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу - сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің қатарында

Қазіргі уақытта азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу – жоғары сұранысқа ие қызметтердің бірі. 2019 жылдан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі мемлекеттік корпорация арқылы рәсімделе бастады. Бұған дейін бұл қызметті ХҚО-да орналасқан көші-қон қызметінің қызметкерлері көрсеткен болатын.

Сондай-ақ, адамды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тіркеуге тұратын азамат мекен-жайын көрсете отырып, үй иесіне өтініш жіберуі керек.  Осыдан кейін тұрғын үй иесі eGov порталындағы "Жеке кабинетінде" оны растауы тиіс. Бүкіл процесс шамамен 10 минутты алады. Тұрғын үй иесі мен тіркелген азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек.

Алайда тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ХҚО арқылы жүзеге асыруға ниет білдірушілер де аз емес. 2022 жылдың алғашқы 7 айында Батыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы бұл қызметті 15 мыңға жуық адам алған. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш бар болғаны 2%-ға төмендеген.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының міндеті - мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін барынша жеңілдетіп, қолжетімді ету. Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс нәтижесінде қазір ХҚО-ға жүгінбей-ақ, смартфонның көмегімен адамды тіркеу және тіркеуден шығару мүмкіндігі бар. Мұны halyq homebank қосымшасы арқылы жасауға болады.

Айта кетейік, енді азаматтарды ХҚО арқылы тіркеген кезде үй иесіне SMS-хабарлама келіп түседі. Егер үй иесі тіркеуден біреуді шығарғысы келсе, ол да бұл туралы хабарлама алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі