ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқауын жариялады

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқауын жариялады

🇰🇿ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметкері" байқауын жариялады

📌 2022 жылдың 18 мамырында "Жылдың үздік мемлекеттік қызметкері" республикалық байқауы басталды.

❗ Конкурсқа қатысуға құжаттарды қарау кезінде Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін алынбаған әкімшілік жазалары және тәртіптік жазалары жоқ, кемінде үш жыл Мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.
🔺 I кезең-өңірлік (облыстық) деңгейдегі, өңірлік конкурстық комиссиялар өткізетін конкурс.
📌 Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 18-22 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің электрондық мекенжайларына келесі материалдарды жіберу арқылы жүзеге асырылады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

📎 2022 жылдың 23 мамырында сағат 10.00-ге дейін барлық қатысушыларға бір уақытта электрондық поштаға/смс/WhatsApp-қа кейстік тапсырма жіберіледі. Конкурсқа қатысушылар 23.59 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде өзінің көлемі 500 сөзден аспайтын жазбаша жауабын және ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейне жауабын жолдаулары қажет. Кезең эссе жазу форматында өтеді.

🔻 2022 жылғы 28-31 мамыр аралығында кандидаттар өңірлік комиссияға мемлекеттік қызмет саласында іске асырылып жатқан немесе іске асырылған жобалар/Идеялар бойынша таныстырылым ұсынады. Презентацияның ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек. Презентация мәтінін (Word) форматта және слайдтарды (Pdf) кандидаттың визиткасын ресімдей отырып ұсыну қажет.

📢 Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне республикалық деңгейде 2022 жылғы 5 маусымға дейін қатысуға ұсынылады.

📌 Республикалық комиссия кандидаттармен 2022 жылғы 10 маусымға дейін әңгімелесу өткізеді, ол презентация түрінде жаңа идеялар ұсыну болып табылады.

Толығырақ ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы әдістемелік ұсынымдарда қамтылған

https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/373407?lang=kk