Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №22 қаулысына сәйкес облыс аумағындағы барлық ХҚО бөлімдерінде "Ashyq" бағдарламасы арқылы:
- тек қауіпсіз "жасыл"  мәртебесі;
- тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері;
- сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті;
- соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған азаматтар қабылданады. 
ХҚО бөліміне жолығарда осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.
Сондай-ақ, 645 (93,4%) мемлекеттік қызметті eGov порталы арқылы  және  120-дан астам мемлекеттік қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде алуға болатынын естеріңізге саламыз.