Кезекті комиссия отырысы

Кезекті комиссия отырысы
14 қазан күні аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтың төрағалығымен өткен жиында екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша М. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің әлеуметтік педагогі Гүлмира Нұрғалиева аталмыш колледжде білім алатын қыз балалардың білім сапасы, саны, мамандықтары, жұмысқа орналастыру бағытында атқарған жұмыстары туралы баян етті. Өз кезегінде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев екінші мәселеге қойылған көп балалы, аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету хақында айтып берді.
Қ.ҒАЛИЕВА