Жүргізуі куәлігін алу үшін теориялақ емтиханды Бөрлі және Казталов аудандарында тапсыруға болады

Жүргізуі куәлігін алу үшін теориялақ емтиханды Бөрлі және Казталов аудандарында тапсыруға болады

БҚО тұрғындары жол қозғалысы ережелері бойынша емтиханды тек Орал қаласындағы мамандандырылған ХҚО-да ғана емес, Бөрлі, Казталов аудандарында да тапсыра алады. Жүргізуші куәлігін алу - сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл басынан бері 35 000-нан астам БҚО тұрғыны жүргізуші куәлігін алған.

Теориялық емтихан тапсыру үшін Орал қ. Мамандандырылған ХҚО бөліміне тек қала тұрғындары ғана емес, аудандар мен өзге қалалар тұрғындары да жүгінеді.

Мамандандырылған ХҚО күніне 1000-ға жуық адамды қабылдап, 400-500 мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Жол қозғалысы ережелері бойынша теориялақ емтиханды Орал қаласында ғана емес, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында және Казталов ауылындағы мамандандырылған секторларда тапсыруға болады. Бұл секторларда арнайы жабдықталған автодромның болмауына байланысты тек теориялық емтихан қабылданады. Ол үшін аталған аудандардағы ХҚО бөлімдеріне жолығу керек», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Жүргізуші куәлігін мерзімі аяқталуына байланысты қызметті және автокөлікті тіркеуді мамандандандырылған бөлімге бармай-ақ, онлайн режимде egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болады.