Мониторингтік топ жұмысы жалғасуда

Мониторингтік топ жұмысы жалғасуда
«Мониторингтік топ» - соңғы бір жыл көлемінде әрбір қазақстандық кәсіпкердің үйреншікті лексиконына тығыз енген сөз тіркесі. Кәсіпорынның тиянақты жұмыстарының көрсеткіші олардың тексеру нәтижелеріне байланысты.
Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты тұрғындарды COVID-19 індетіне қарсы сақтық шараларын сақтау және екпе алуға шақыру мақсатында мониторингтік топ мүшелері аудан орталығындағы бірқатар нысанды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бір жылдан аса уақыттан бері бүкіл әлем коронавируспен күресіп келеді. Оқшаулану арқылы ғана аурудан сақтана алатынымызды о баста-ақ білсек те тәртіпке бағынғысы келмейді. Аудан тұрғындары рұқсат етілмеген той мен жиын, басқосудан тиыла алмай келеді. Бетперде тағудан да шаршаған сыңайлы. Еліміздің әр аумағындағы ахуалға байланысты бас санитар дәрігерлердің бірнеше қаулысы шықты. Онда көрсетілген талаптар орындалу қажет. Саулық - сақтықта екенін естен шығармағанымыз абзал.
Гүлзара МӘДИ
«Шұғыла»