Құрметті тұрғындар!

Құрметті тұрғындар!

Статистика бойынша,  жыл сайын облыстың тұрғын үй секторында 500-ден 700-ге жуық өрт орын алады, бұл барлық өрттердің 75-80% құрайды. Тұрғын үйдегі әр 30 өрт адам  өліміне әкелсе, ал әр 10 өртте адамдар күрделі жарақат алады.

Тұрғын үй қорында шығатын өрттердің негізгі себептері: отпен абай болмау, электр жүйелерін, электрқондырғыларын және тұрмыстық электр құрылғыларын жүргізу және пайдалану ережелерінің бұзылуы, пеш және оның мұржаларының дұрыс жасалмауы, пешті және де басқа жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының бұзылуы.

Өртті болдырмау және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ең алдымен төмендегі өртке қарсы іс-шараларды орындауды ұсынамыз:

  • Әрдайым пештер мен мұржаның жағдайын тексеріп отырыңыз. 3 айда кемінде 1 рет мұржаны тазалап, венткамераларды тексеріңіз. Пешті салуды мамандарға тапсырыңыз. Тек мамандар ғана пешті өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтай отырып салады;
  • Ішкі жарықтандырғыш және қуатты электр жүйелерін жөндеуді тек білікті мамандарға тапсырыңыз;
  • Тек зауытта дайындалған және сәйкесінше қорғаныш деңгейі бар электр жүйелерінің қорғаныш аппаратын қолданыңыз;
  • Жалаңаштанған электр өткізгішті, қолдан жасалған электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;
  • Бір электророзеткаға 3 электрқұрылғыдан артық қоспаңыз;

 

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ӨРТТЕН ҚОРҒАУДЫҢ СЕНІМДІ ЖҮЙЕСІ – ОТБАСЫ

ИГІЛІГІ МЕН ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ!

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Жәнібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Телефондары:  21-8-05, 22-4-83, 101