Сенім телефоны

Сенім телефоны

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру бойынша, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанында 8 7112 51 44 50 сенім телефоны жұмыс істейді, Департамент қызметкерлері тарапынан азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқығын бұзу, заңға қайшы әрекеттер, пара талап ету немесе алу, қызмет өкілеттілігін асыра пайдалану фактілері кездескен жағдайда тәулік бойы қоңырау шалып, хабарлауға болады .
Сенім телефонының қызметі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жүктелген міндеттерге сәйкес әртүрлі жағдайларда жедел көмек көрсету, консультациялар мен ұсынымдар беру бойынша халықпен тұрақты байланысты жүзеге асыруға бағытталған.