Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті
2021 жылғы 31 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары А. Молдағалиевтің төрағалығымен кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Басқосуға комиссия мүшелері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Жиында Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Меңдіғалиева Қамысты, Х. Халиуллин атындағы орта мектеп директоры Ержан Ілиясов Ақоба ауылдық округі бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылық, қылмыстарды алдын алу, жағдайы төмен отбасылардағы кәмелетке толмағандармен мектеп, округ әкімдерінің жұмысы туралы баян етті. Толқын Қабылқызы оқушылар мен студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында шаралар ұйымдастыруға мәдениет үйінен бос бөлмелелерді сұраса, Ержан Теміржанұлы ауылдағы учаскелік полиция инспекторының қызметін жандандыру жөнінде ұсыныстар тастады.
Баяндамашыларға комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылды.
Өз кезегінде аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Зәмзагүл Макишева аудан мектептерінде кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы тоқталды. Зәмзагүл Талғатқызының айтуы бойынша баланың өмірге құштарлығын арттыратын психологиялық тренинг, іс шаралардың маңызы зор. Жасырын сауалнама нәтижесімен бөліскен баяндамашы аудан бойынша оқушылар арасында зорлық-зомбылыққа ұшырау фактілері анықталмағанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ жиында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Ғасырбек Досболат кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған спорттық үйірмелердің жұмысы туралы айтып берді. Ғасырбек Мерекеұлы мектепішілік бақылауда тұрған балалармен жүргізілген жұмыстарға да кеңінен тоқталды.
"Шұғыла"