«Тарихқа тағзым, болашаққа аманат» атты Халықаралық конференцияға аудан әкімі Т.Шиниязов, «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жалпақтал филиалының директоры, өлкетанушы М.Қарабалин, Бөкей ордасы аудандық «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» КММ директоры, өлкетанушы, соғыстан оралмаған боздақтардың жоқтаушысы Ж.Ғұмаров, РФ, Волгоград облысы, Волгоград қаласы, «Курган» іздеу тобының жетекшісі А.Медведев, БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері А.Батырханов, РФ Волгоград облысы, Палласов ауданы, Эльтон ауылындағы «Алтыннұр» этномәдени орталығының директоры, өлкетанушы С.Мунтаев баяндама жасаса, РФ Санкт-Петербург қаласынан Н.Хамидуллин, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық орталығының аға ғылыми офицері, докторант Е.Жиеналиев, Мәскеу облысы Павлово - Посад қалалық округі «Боец» іздеу музейінің жетекшісі, «Боец» іздеу тобының командирі З.Муженко онлайн қосылып, конференцияға қатысты.
Шара қонақтары мен аудан тұрғындары аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының жасақтаған кең көлемді көрмелермен танысып өтті.

