Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі

Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі

2025 жылы Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, жастар мен азаматтық қоғам институттарын қолдау бағыттарында бірқатар жоспарлы жұмыстарды атқарды.

  1. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты деңгейде сақталды. Әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістіктегі жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілді, тұрғындар тарапынан түскен сауалдар мен ұсыныстарға жедел ден қою жұмыстары қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарымен өзара үйлесімді іс-қимыл тетіктері жетілдірілді.

  1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру

2025 жылы жергілікті атқарушы органдар қызметін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 450 ге жуық материал жарияланды, әлеуметтік желілерде 1000 ға жуық ақпараттық посттар орналастырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру топтары 9 ауылдық округте кездесулер өткізіп, тұрғындармен ашық диалог орнатты.

 

  1. Жастар саясаты бағытындағы жұмыстар

Ауданда жастар бастамаларын қолдау жалғасын тапты.

«Жастар ресурстық орталығы» арқылы 350 ге жуық іс-шара ұйымдастырылды;

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жобалар іске асырылды.

  1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық

Аудандағы ҮЕҰ-дарды қолдау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 7 жоба іске асырылды. Жобалар азаматтық бастамаларды арттыруға, патриоттық тәрбие мен қоғамдық келісім бағыттарын дамытуға оң ықпал етті.

ҮЕҰ өкілдерімен тұрақты кездесу, семинар-кеңестер өткізіліп, өзара байланыс нығайтылды.

  1. Діни ахуалды бақылау және түсіндіру жұмыстары

Діни жағдай бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп, қоғамда радикалды идеологияның алдын алу шаралары күшейтілді.

Ақпараттық-түсіндіру топтары жастар арасында 124 кездесулер өткізіп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  1. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және мерекелік іс-шаралар

Мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарында, мекемелер мен ұйымдарда түсіндіру іс-шаралары өтті.

Аудан көлемінде мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоғары деңгейде ұйымдастырылды, тұрғындарға арналған мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді.