Жәнібек ауданындағы коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай

Жәнібек ауданындағы коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай

Жәнібек ауданындағы коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай

Аудан бойынша күні бүгінге коронавирустық инфекциясын жұқтырғандар саны – 192 (Соның ішінде: симптомды – 111, симптомсыз – 81). 4 – пневмония.
Ауданда аталған індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 19 наурызында аудан әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, аудан бойынша туындаған мәселелерді шешу бағытында 17 рет жұмыс тобының отырыстары өткізілді.
Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөнінде аудан бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Атап айтқанда:
- Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде өткізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;
- ХҚКО онлайн режимде қызмет көрсетуге көшу, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін);
- азық-түлік және азық-түлік емес базарлар сауда сөрелері арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы, жабық базарлар үшін қосымша шектеулер: толымдылығы нысанның сыйымдылығының 30% артық емес;
- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін;
- қоғамдық тамақтану нысандары сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 30 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс); т.б. (Түсіндіру жұмыстары БАҚ және әлеуметтік желілерді қолдану, дауыс зорайтқыштар арқылы жүргізілуде).
Сондай-ақ, мекеме-ұйымдардың және кәсіпкерлік нысандарының кіреберістеріне антисептиктер, қызу өлшейтін құрылғылар орнатылып, есіктердің тұтқалары залалсыздандырылған мәрлімен оралды. Аудандағы дәріханаларда бетперделер және дәрі-дәрмектер жеткілікті.
Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталып, карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін 30 карантин талаптарын бұзу фактілері тіркелді. Осыған орай, тиісті шаралар қабылданып, 27 хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, ауданымызда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында 10 мониторингтік топ құрылып, топ құрамына тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері енгізілді. Одан бөлек аудандағы білім беру мекемелеріндегі талаптардың орындалуына бақылау жүргізу мақсатында да мониторинг топ құрылып, жұмыстар жүргізуде. Күні бүгінге аудандық мониторингік топтардың аудандық полиция бөлімімен бірлесіп жүргізген рейдтердің нәтижесінде 20 тиісті талаптарды бұзу фактілері анықталды.