Жәрмеңке

Жәрмеңке

Жәрмеңке тұрғындарды қолжетімді баға бойынша сапалы және әртүрлі өнімдермен қамтамасыз етуді көздейді.

Бүгінгі жәрмеңкеде Ақоба, Ұзынкөл, Күйгенкөл ауылдарынан 4 бас ірі қара (1600 тг.), 3 бас қой (1400 тг.) әкелінді.

Жәрмеңкеде картоптың келісі 110 теңге, пияз 90 теңге, қырыққабат 70 теңге, сәбіз 100 теңге, асқабақтың келісі 100 теңгеге сатылды.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге келушілерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, бетперделік режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды ескертіп, қадағалады.