Елді мекендердегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесу

Елді мекендердегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесу

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Зина Құбаева

Өнеге және Күйгенкөл елді-мекендеріндегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп,

шаруа қожалықтарындағы жалдамалы жұмысшылармен еңбек шартын жасау және әлеуметтік төлемдерді,

соның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жарналарын аудару жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жиында арнайы мамандарға ауыл тұрғындары тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар қайтарылып, осы тақырып төңірегіндегі мәселелер талқыланды.