Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
18 марта 2025
ХҚКО-дан төлқұжат пен жеке куәлікті қалай алуға болады?

Как получить паспорт и удостоверение личности в ЦОНе?

        С начала года в Западно-Казахстанской области выдано более 14 тысяч паспортов и удостоверений личности. Как оформить указанные документы? Об этом поясняет областной филиал «Госкорпорации «Правительство для граждан".

        Для получения паспорта и удостоверения личности необходимо обратиться в центр обслуживания населения. Услуга проводится в режиме экстерриториальности, то есть Вы можете обратиться в любой ЦОН, независимо от адреса, по которому вы зарегистрированы. В центре обслуживания операцию по оформлению удостоверения личности и паспорта осуществляет миграционная служба.

        Стоит отметить, что удостоверение личности выдается гражданам Республики Казахстан по достижении 16 лет. Что касается паспорта, то для детей который впервые  оформляет данный документ необходимо свидетельство о рождении, а для лиц старше 16 лет- удостоверение личности. В случае просрочки паспорта услугополучатель по желанию может подать заявление на получение нового паспорта или заменить его за 1-2 месяца до истечения срока его действия. Стандартный срок оказания услуги - 15 рабочих дней.

        Напомним, что в соответствии с пунктом 4 статьи 622 Налогового кодекса РК от уплаты государственной пошлины за удостоверение личности и паспорт освобождены следующие категории граждан. К ним относятся: ветераны ВОВ и приравненные к ним лица, Герои Советского Союза и Герои Социалистического Труда, инвалиды всех групп, а также один из родителей клиента, ставшего инвалидом с детства, пожилые люди, проживающие в учреждениях для престарелых и инвалидов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, проживающие в детских домах или интернатах многодетных матерей, имеющих звание «Мать-героиня», награжденные нагрудными знаками «Алтын алқа» и «Күміс алқа».

 

14 марта 2025
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді

Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді

 

2025 жылы еліміздің барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында «МХҚКО жеке менеджері» сервисі іске қосылды. Аталған сервис қызмет алушыларды басым кезек бойынша қабылдауға мүмкіндік береді, бұл күту уақытын едәуір қысқартады.

 

Жеке менеджер сервисін қолдану үшін МХҚКО ресепшніне жүгіну керек. Ол азаматтарды кезектен тыс қабылдап, көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдейді.

 

Қызмет түрі таңдалғаннан кейін жеке менеджер қажетті құжаттарды толтырып, келісім-шартты әзірлейді және оларды уәкілетті мемлекеттік органға жалпы тәртіппен жолдайды.

 

         «Азаматтарға арналған үкімет» – азаматтармен өзара әрекеттесу сапасын, жылдамдығын және тиімділігін үздіксіз арттыруға басымдық беретін және қызмет алушыларға бағдарланған ұйым.  Азаматтардың жедел қызметке сұранысын ескере отырып, біз 2024 жылы «Жеке менеджер» қызметін алғаш рет Қазақстанның төрт қаласында пилоттық режимде іске қостық, ал 2025 жылдан бастап аталған сервис елдегі барлық МХҚКО-ларда енгізілді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

 

         Айта кетейік, «МХҚКО жеке менеджері» сервисі алғаш рет пилоттық жоба ретінде Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында енгізілді. Жарты жыл ішінде жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, ел ішінде қолдану аясы кеңейтілді.

        

Еске салайық, МХҚКО-ларда құжаттарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Сенбі күні кезекші МХҚКО-лар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

11 марта 2025
ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.

Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді.

10 наурыз, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

Еске салайық, Қазақстанда демалыс күндері болып 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы жарияланған.

Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

27 февраля 2025
Оралдықтар балаларына қандай есімдерді жиі қояды?

Оралдықтар балаларына қандай есімдерді жиі қояды?

 

         Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сәбилеріне ең жиі қоятын есімдер белгілі болды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының облыстық филиалы хабарлайды.

 

АХАТ бөлімінің мәліметі бойынша, жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер қатарына Мұхаммед, Ибраһим, Әмірхан кіреді. Ал қыз балалар арасында Кәусар, Айзере және Айерке есімдері танымал.

 

       Айта кетейік, жыл басынан бері АХАТ бөлімі арқылы 950-ден астам баланың туу туралы акт жазбасы тіркелген. Сонымен қатар облыста 16 жұп егіз дүниеге келген.

 

Еске сала кетейік, нәрестенің тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше жолы бар: ХҚКО арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы. Бұдан бөлек, азаматтар бұл қызметті проактивті форматта ала алады. Яғни, жаңа туған нәрестенің анасына 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі.

26 февраля 2025
Объявление
17 февраля 2025
Бірыңғай байланыс орталығында рекорд: бір күнде 120 мың өтініш өңделді

Бірыңғай байланыс орталығында рекорд:
 бір күнде 120 мың өтініш өңделді

 

2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы КЕ АҚ-ның Бірыңғай байланыс орталығы 27 миллионнан астам өтініш өңдеді. Күн сайын Бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне келіп түскен қоңырауларды, Telegram-дағы EgovKzBot 2.0 чат-боты мен support@goscorp.kz электронды поштасына жолданған хабарламаларды, сондай-ақ «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жүргізілген бейнеқоңырауларды қоса алғанда 30 мыңнан 90 мыңға дейін өтініштерді қабылдайды. Жуырда орталықтың 2011 жылдан бастап жұмыс істеген барлық кезеңінен бері ең жоғары көрсеткіш тіркелді – бір күнде 120 мың өтініш қабылданды.

 

Ең көп қойылатын сұрақтар – ЭЦҚ беру және кері қайтарып алу, салық пен есептік көрсеткіштердің сомасын анықтау, ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру.

 

«Бірыңғай байланыс орталығы өз қызметін бастаған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде негізгі буынға айналды. 2024 жылы Бырыңғай байланыс орталығына 27,1 миллион өтініш келіп түсті, ал қызмет алушылардың консультациялық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 96,8 пайызға жетті. Біз Бірыңғай байланыс орталығының жұмыс процестерін жетілдіруді жалғастырып, мемлекеттік қызметтерді алу ісін одан әрі жеңіл әрі қолжетімді ететін боламыз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

 

2024 жылы Бірыңғай байланыс орталығы ЭЦҚ бойынша 1 023 354 өтініш, төлқұжаттарды беру бойынша 367 428 өтініш, жеке куәліктерді беру – 228 693, cалық төлеушілерді тіркеу бойынша 114 082 өтініш, бала туғанға жәрдемақы тағайындау бойынша 81 902 өтініш, бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерге 67 979 өтініш, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы бойынша 64 544 өтінішке жауап берді.

 

Еске салайық, Бірыңғай байланыс орталығы 1381 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Қазақстан азаматтары үшін кез келген байланыс операторы арқылы барлық өтініштер тегін қабылданады.

 

11 февраля 2025
Қазақстандықтарға ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы 23 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қазақстандықтарға ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы

 23 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді

 

2024 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО арқылы 15 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ қазақстандықтар 8 миллионнан астам қызметті Сonnection point өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алған.

 

Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО арқылы шамамен 486 628 қызмет, МХҚКО арқылы 59 319 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Атап өткенде, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді:

Электрондық сандық қолтаңба беру - 92 225;

Жылжымайтын мүлікті тіркеу- 51 918;

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу- 45 391.

 

«Мемлекеттік корпорация әрдайым тұтынушылардың жайлылығы мен ыңғайлылығына басымдық береді. Біз өз қызметтерімізді қолжетімді және ыңғайлы ету үшін оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отырамыз. Біздің мақсатымыз – барлық процестердің ашық әрі қауіпсіз екеніне кепілдік беру арқылы әрбір адамға қызмет алу мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.

 

Мемлекеттік корпорация азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдерді тұрақты негізде енгізуде. Мәселен, «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда дербес менеджерлер практикасы енгізілді, бұл жеке жұмыс істеудің деңгейін арттырып, қызметтерді алу процесін жақсартады.

 

 

 

07 февраля 2025
Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынща қысқаша мәлімет

Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынща қысқаша мәлімет

 

          Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ-де штат саны – 10 бірлікті құрайды. 3 бірлік – мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы, 2 бас маман, бас маман есепші), 6 бірлік – техникалық қызметкер (3 бірлік – статист соның ішінде – 0,5 бірлік вакансия, 1 бірлік – іс жүргізуші, 1 бірлік – автокөлік жүргізуші, 1 бірлік – еден жуушы)

Бюджет игерілуі туралы

2024 жылға бекітілген бюджет 7 728 240,0 мың теңге құрайды. Түзетілген бюджет 8 973 707,6  мың теңге құрайды. 2025 ж 1 қаңтарға кассалық орындалуы 9 235 883,6 мың теңге немесе 102,9 % .Артық орындалуы 262 176 мың теңге.

 

Өз кірістер бойынша бекітілген жылдық жоспар 965 124,0 мың теңге. Түзетілген бюджет 1 129 866,0 мың теңге. 01.01.2025 ж. кассалық орындалуы 1 380 526,6 мың теңге құрады  немесе 122,2%. Аса орындалуы 250 660,6 мың теңге. Оның ішінде:

  • салық түсімдер – 1 320 831,7 мың теңге, (121,4%)
  • салық емес түсімдер – 53 726,0 мың теңге, (145,3%)
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 5968,9 мың теңге (122,7%)

 

Шығыстар

2024 жылға бекітілген бюджет 7 728 240,0 мың теңге құрайды. Түзетілген бюджет 8 973 707,8 мың теңге. 2025 ж 01 қаңтарға кассалық орындауы 8 968 951,1  мың теңге немесе 99,9% құрады.Орындалмаған қаражат:

4 468,0 мың теңгеТалов ауылдық округі  бойынша жаяу жолды абаттандыру (мердігердің келісім шарт шарт міндеттемелерін орындамау)

 Барлық мекемелер бойынша қалдық қаражат -288,7 мың теңге.

 

Коммуналдық меншікті басқару жұмыстары бойынша

 

     2024 жылдың қантар айында Жәнібек ауданының коммуналдық меншігіндегі газ құбырларын пайдаланушы ұйымдарға беру туралы Жол картасы аудан әкімдігімен бекітілді. Жол картасы бойынша Қамысты, Борсы ауылдардағы газ құбырларын және аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі теңгерімінде тұрған екі нысанды пайдаланушы ұйым «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на беру көзделген. Аудандық коммуналдық меншігіндегі және жергілікті өзін-өзі басқару  коммуналдық мүлік деңгейінде тұрған 5 (бес) газ құбыры нысандары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беріліп, шарттар жасақталды.

     Гидротехникалық құрылыстар бойынша Жәнібек, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтармен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне қабылдау-тапсыру актілері жасақталып, тапсырылды.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша

        Бағдарлама шеңберінде 2024 жылы 14 мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін республикалық бюджеттен 101,530 млн.теңге бюджеттік кредит және жергілікті бюджет есебінен көтерме жәрдемақыға 30 маманға 11,076 млн.теңге қаражат қарастырылып, толықтай игерілді.

       Қантар айында сұранысқа ие мамандарының тізімі жасақталып, аудан әкімдігінің ресми сайтына орналастырылды.

       Бюджеттік кредитпен тұрғын үй алған 14 маманның мерзімі өткен берешектерін мемлекеттік бюджет есебіне кері қайтару бойынша аудан әкімдігінен қаулы шығарылып, өндіру үшін «Отбасы-банк» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысының филиалына ұсынылды. Соның ішінде 4 маманмен медиациалық келісім жасалды. 8 маманға атқару парақтары шығарылып, жеке сот орындаушыларға жолданды.

      29.08.2024ж. аудан әкімдігінің қаулысымен 16 маманның мерзімі өткен берешектерін мемлекеттік бюджет есебіне кері қайтару бойынша аудан әкімдігінен қаулы шығарылып, өндіру үшін «Отбасы-банк» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысының филиалына ұсынылды.

07 февраля 2025
Ақоба ауылдық округі әкімінің округ бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.

           

Ақоба ауылдық округі әкімінің округ бойынша 2024  жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.

                                                                        

Ақоба ауылдық округінің жер көлемі -147780 шаршы метрді құрайды, соның ішінде  ауыл тұрғындарының мал жайылымы жері 6204 шаршы метр, жеке шаруа қожалықтарда 68978 шаршы метрді құрап отыр. Аула саны 182, Халық саны 757. 0-18 жас бала саны 152

Ауыл шаруашылығы Қазіргі уақытта округ бойынша 45 шаруа қожалығы жұмыс жасауда, Елімізде мемлекет тарапынан мал шаруашылығымен айналысамын, кәсібін кеңейтемін деген азаматтарға ауыл шаруашылығын қолдауға арналған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаларға ауылымыздың 26 шаруа қожалық  белсенді қатысады.  Асыл тұқымды бұқалар алғандар «Нұр Әли» ш.қ Сапаров Н. «Қайырғали» ш.қ, Бисенгалиев М. соным қатар асыл тұқымды аналық мал алғандар «Ефрим» ш.қ Бегалиев М, «Ақкүл» ш.қ Қанатов.М. «Абдраман»ш.қ Абдиров А. Қой шаруашылығына мемлекеттік субсидия алады. Шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындары негізінен мал өсірумен айналысады. Мал басы жылдан жылға артып келеді. 2024 жылдың 2 жарты жылдығында  ірі қара мал саны 7986 ш,қ-7058 , ж.т-928 , қой мен ешкі 7314 ,ш.қ-4666, ж.т-2648 жылқы 4121 ш.қ-3956, ж,т-165 түйе 59  Қыстақ саны 22 болса соның ішінде 18 қыстақта мал қыстайды.  Ауыл тұрғындары мал азығына дайындауға 57 тұрғын сұраныс берген болатын. Жеке тұрғындарға 2044 рулон шөп түсіп  қысқы мал азығы 91%дайындалды. Жем бойынша 65 тұрғын сұраныс беріліп 60 тонна жем түсірілді.

   Ал ауыл шаруашылық техникалар базасын жаңарту бағытында, ауылымыздың 10 ( он)шаруа қожалығы Трактор, КУН, шөп шапқыш алып отыр .

Сонымен қатар 4 адамға  221 мың 544 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

 

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» шеңберінде

 1.Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 4 адам

  1. «Ақ көл» шаруа қожалығына 1адам Уканов.С, қойшы.
  2. «Ақ көл» шаруа қожалығына 1 адам Утепбаев. С,- көлік жүргізуші.
  3. «Жас қанат» шаруа қожалығына 1 адам Бажиев. Қ,- қойшы.
  4. «Жас қанат» шаруа қожалығына 1 адам Ажгалиев.А,- қойшы.

 

  1. Жастар практикасы бойынша: 3 адам

  1.«Аудандық ветеринариялық станция бөлімінде» 1 маман  Сапиоллиев Б ветеринариялық фельдшер.

  2.«Айдын» Ш.Қ- 1 маман  Исламов.М- ветеринариялық фельдшер.

  3.«Шеркеш» Ш.Қ- 1 маман Батанова.А - тракторист.

 

  1. Ақылы қоғамдық жұмыс бойынша:

   Ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан жұмысқа 2024 жыл басынан  қазіргі уақытқа дейін 25 адам жұмысқа тартылған.        

  1. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны бойынша:6 адам

 Тұрақты жұмыс орны 3 адам тартылды және жол құрылысына 3 адам,   Мәдениет үйіне 1адам, ФАП-1 адам, Кітапханаға-1адам                  

  1. Күміс жас бойынша: 2 адам
  2. Жасқанат Ш.Қ 1 адам Куангалиев Ә. қойшы
  3. Абылай Ш.Қ 1 адам Хайруллин Қ.  трактор жүргізуші.
  4. Жастарға несие беру бойынша:
  5. Ауыл аманаты жобасы бойынша несие алушылар саны бойынша:2 адам 2 ауыл тұрғындарының Хасенова Б. құс шаруашылығы. Берешова Ж. қоғамдық моншаға керек құрал жабдықтар несие алу үшін құжаттары тапсырылды. Хабар күтілуде.
  6. Кәсіпкерлік нысандарын тіркеу бойынша:

Кәсіпкерлік нысандарды тіркеу және жаңадан ашылған нақты 1 адам тіркелген. Бисенгалиев М.Қ.

  1. Кәсіптік оқуға жолданғандар бойынша:2 адам

Кәсіптік оқуға жоспар  бойынша  2 адам оқуға жолданды.

           «Абзал»ШҚ-на Аубекиров Р, Берешов Ж,-тракторист,

         

      Ауылымызды абаттандыру бағытында  орталық саябаққа биыл 70 тал отырғызылды, Ауыл саябағына биіктігі 12 метрлік ту тұғырын және су бұрқақ орнатылып және гүлдер егіп көркейтілді. Балалар ойын алаңына балаларға арнап жыл сайын жаңартылып отырады атап айтсақ көше жаттығу кешені (тренажер), серіппелік әлпеншектер орналастырылды. 23 шақырым тас жолы аяқталып ауылға бұрылатын жеріне «Ақоба» белгісін орнатылып түнгі уақытта жарық шамы жанып тұрады. Ауылымыздың шыға беріснің жол жигіне автобус аялдамасы және балшық уақытында көлік қоятын автотұрақ салынды,«Актив» байланысы орнатылып аяқталды. Ауыл маңында орналасқан су жүретін канал үстіне жаяу жүргінші көпірі салынды және суды ашып жабатын бөгетердің топырақтар төгіліп жөнделді. Ауылдың шығысында  70*90 көлемінде су тоғаны қазылып аяқталып халық игілігне берілді. Аудан орталығынан қаражат бөлініп  орталықтанған ауыз суға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп, қоғамдық жер құдық қазылды айналасы қоршалды, мектеп жанында орналасқан құдыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Екі пәтерлі  екі үйдің құрылыс аяқталып қолданысқа берілді.

       2025 жылы  Ауылымызды абаттандыру бағытында саябақ ішінен гүлдер егу және ауылдан шыққан атақты адамдарға арнап стенд тұрғызу мысалы Қ.Мусин. Қ.Өтегалиева. ФАП қиылысына қоршап гүл отырғызу.Балалар ойын алаңын ойыншықтармен толықтыру жоспарда бар. Мысалы качель, карусель. Балаларға арнап суға түсетін жағажай салу, Ауылымызда бос тұрған мектеп ғимарытының спорт залына жаттығу үшін спорттық  құралдар алу. Ауылдың батыс жағынан  жер алып қоршап 100-120 түп жеміс ағаштарын ортырғызу Ауылдың су тоғандарын толтыру үшін екі жерде орналасқан су бөгейтін қақпа орнату(шлюз) 

 

 

 

Т.Жароков, Т.Әубекеров, А.Иманов, Қ.Мусин көшелерінің жарық шамдарын лед шамдарына ауыстыру. Келесі жылы да ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, ауылды аббаттандыру бағытында жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

05 февраля 2025
«БҚО, Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарылған жұмыстар туралы мәліметі

«БҚО, Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарылған жұмыстар туралы

мәліметі

 

Ауыз су құбыры туралы.

2024 жылы мамыр айынан бастап Тау, Борсы, Жасқайрат ауылдарында ауыз су құбырын реконструкциялау, яғни, қайта жаңарту жұмыстары атқарылды. Құрылысының құны РБ 929 млн.тенге.

         Тау, Борсы, Жасқайрат ауылдарында жаңа су қысымды мұнарасы орнатылды, су сақтайтын резервуарлар жөнделді. Ауыл ішілік құдықтардың фасонды бөліктері жаңартылды. Жаңа задвижкалар, өрт сөндіру гидранттары орнатылды. Жаңа насосты станция ғимараты салынды. Жаңадан ауыз су көзі, яғни, 6 скважина бұрғыланды. Жалпы 21 шақырым ауыз су құбыры тартылды. 14 шақырым электр желісі жүргізілді. Бұрын су кірмеген 60 үйге ауыз су құбыры тартылды. Нысан 2024 жылдың 12 желтоқсанында пайдаланымға берілді.

         Тұрғын үйдің құрылысы.

         Жәнібек ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегінде 385 адам тіркелген. Оның ішінде, жетім балалар – 7, көп балалы отбасы – 66, толық емес отбасы – 105, зейнеткер – 19, 1 ші және 2 ші топтағы мүгедектер – 23, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуші отбасы – 14, тұрғын үйлері апатты деп танылғандардан – 4 , қалған категориядан – 151 азамат.

         Осы аталған азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында ауданымызда 32 тұрғын үйдің құрылысы салынды және кезекте тұрған отбасыларға пайдаланымға берілді.

Оның ішінде: Жасқайрат ауылында 2 пәтерлі 2 тұрғын үй, Ақоба ауылында 2 пәтерлі 2 тұрғын үй, Ұзынкөл ауылында 2 пәтерлі 2 тұрғын үй, Тау ауылында 2 пәтерлі 2 тұрғын үй, Қамысты ауылында 1 тұрғын үй, Борсы ауылында 2 пәтерлі 1 тұрғын үй, Талов ауылында 2 пәтерлі 1 тұрғын үй, Жәнібек ауылында 11, оның ішінде 1 пәтерлі 2 тұрғын үй, 2 пәтерлі 4 т ұрғын үй.

Пәтердің ауданы 80 шаршы метр. 3 бөлмелі.

Аталған тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық және облыстық бюджеттен 598 млн.тенге қаражат бөлінді және толық игерілді.

         Газ құбырының құрылысы.

Ауданымыздағы 3 ауыл Талов, Борсы, Қамысты ауылдары Ресей Федерациясы аумағынан табиғи газ құбырын тұтынып отыр. 2024 жылы Қазақстан Республикасының газ құбырының жол картасы бекітілген болатын, соған байланысты аталаған 3 ауылды өзіміздің газ құбырына қосу жоспарланды. Осы жоспарымыз жүзеге асыру мақсатында жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Аталған жобамыз қолдау тауып, құрылыс жұмыстарын бастауға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ашық конкурс берілді. Мердігер анықталды «Батысгазстрой» ЖШС. Құрылысының құны – 1 437 328 003 тенгені құрайды. Нәтижесінде, Жалпы 115 шақырым газ құбыры тартылады, 3 ауылымыз өзіміздің отандық табиғи газ құбырына қосылады, РФ тәуелді болмаймыз.

 

 

Ауылдық округтегі каналдарды реконструкциялау.

Ауылшаруашылығының маңызды салаларының бірі -  мал шаруашылығы. Осы мал шаруашылығына алдағы жылдары жем-шөптің дайындалуына, тоғандарға суды жинау мақсатында Жақсыбай Сарыөзен каналдарын реконструкциялау жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама дайыналған болатын. Қазіргі кезде жобамыз қолдау тауып, жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс берілді. Нәтижесінде мердігер болып «Құрылысгаз» ЖШС анықталды. Құрылысының құны – 514 090 444,18 тенге.

2024 жылы құрылыс жұмыстарына 100 млн.тенге қаражат бөлінді. 29,7 млн.тенге аванс төленді. Сарыөзеннен Жақсыбай ауылына 7 шақырым полиэтилен құбыры салынып, 69,3 млн.тенге қаражаты төленді. 200 мың тенге авторлық қадағалаушыға, 800 мың тенге техникалық қадағалаушыға төленді.

Социальные сети
Жәнібек ауданы
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы