Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
29 июня 2026
Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

 

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты.

Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға және цифрлық дағдыларды дамытуға арналған заманауи кеңістік. Smart Point концепциясы  мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, яғни азаматтар тек қызмет алып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді өз бетінше пайдаланып, қажеттілігіне қарай мамандардан кеңес ала алады.

«Түркістандағы Smart Point орталығының ашылуы - жаңа форматтағы ХҚКО-ның іске қосылуы ғана емес, мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу мәдениетін қалыптастыруға бағдарланған маңызды қадам. Бүгінде біздің мақсатымыз - азаматтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар, мемлекеттік цифрлық мүмкіндіктерді сенімді пайдалануға көмектесу. Smart Point өңір тұрғындары үшін сұранысқа ие болатын алаңға айналады деп сенемін», -  деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа көрсетілетін қызметтерді барынша жеңілдетуді және цифрландыруды тапсырып, атқарылған жұмыстарды бақылауында ұстап келеді. Бұл бағытта облысымыз жемісті еңбек етуде. Бүгінгі ашылып отырған заманауи кеңсе — соның нақты дәлелі. Облыс әкімдігі мен Мемлекеттік корпорация арасындағы тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде халық сұранысына сай келетін заманауи сервистік хаб құрылған», - деп атап өтті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков.

Smart Point цифрлық ХҚКО бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Экспресс-аймақта азаматтар құжаттандыру терминалы арқылы жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өздігінен рәсімдей алады, сондай-ақ арнайы ақпараттық экрандар арқылы AlemGPT сервисінің мүмкіндіктерімен танысады. Цифрлық аймақ мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу және құжаттармен онлайн форматта жұмыс істеу үшін моноблоктармен және жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған. Сараптамалық аймақта келушілер күрделі мәселелер бойынша мамандардың кеңесін ала алады. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты арттыруға және жаңа электрондық сервистерді меңгеруге арналған оқыту және ақпараттандыру аймақтары қарастырылған. Ал жайлы демалыс аймағында келушілер үшін қолайлы жағдай жасалған.

Жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, өңір тұрғындары үшін заманауи сервистік инфрақұрылымды дамыту мен қолайлы цифрлық ортаны қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадам болды.

Айта кетейік, Smart Point цифрлық ХҚКО форматын алғаш болып енгізген өңір – Ұлытау облысы. Орталық 2026 жылғы 4 маусымда ашылды.

 

 

29 июня 2026
1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған                                  ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлады.

Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан Орал қаласының №1 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Сонымен қатар, Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы Орал қаласының                            №2 ХҚКО кезекші кесте бойынша жұмыс істеді: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Ал, Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайындағы кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмысы өзгеріссіз қалады: дүйсенбіден жұмаға дейін қызмет көрсету – сағат 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – сағат 20:00-ге дейін, сенбі күні қызмет көрсету – сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – сағат 13:00-ге дейін.

Тұрғындарға ХҚКО-ға баруды жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескеру ұсынылады.

26 июня 2026
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ.

Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайын болғаннан кейін пайдалануға болады. Қызмет тапсырыс рәсімделген елді мекен шегінде ғана көрсетіледі. Айта кетейік, егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін рәсімделсе, жеткізу сол күні жүзеге асырылады, ал 17:00-ден кейін рәсімделген жағдайда құжат келесі жұмыс күні жеткізіледі.

«Бүгінде азаматтар үшін уақыт үнемдеу өте маңызды. Сондықтан біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі орталыққа бармай-ақ алуға мүмкіндік беретін сервистерді дамытып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің іске қосылуы цифрлық экожүйені дамытудағы кезекті қадам болды және азаматтарға күнделікті істерінен қол үзбей, уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Жеткізу қызметіне қалай тапсырыс беруге болады:

  1. «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінен «Құжаттарды жеткізу» қызметін таңдаңыз;
  2. Жеткізу мекенжайын көрсетіп, өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз;
  3. Оферта шартымен танысып, келісіміңізді растаңыз және қызмет ақысын төлеңіз.

Осыдан кейін қосымша арқылы жеткізу мәртебесін бақылап, курьер туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде көре аласыз.

Айта кетейік, жаңа сервистің іске қосылуы рәсімдерді жеңілдетуге және азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасында басқа да сервистер мен мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Қосымшаны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға болады.

26 июня 2026
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Енді өңір тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша жеткізуге тапсырыс бере алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлайды.

Жаңа сервис мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, оларды алу кезінде қолайлы жағдай жасауға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

Қызмет арқылы мамандандырылған ХҚКО арқылы рәсімделген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (техпаспортты), сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) жеткізуге тапсырыс беруге болады.

Сервисті пайдалану үшін «ХҚКО» мобильді қосымшасында авторизация жасап, «Мамандандырылған ХҚКО» бөліміне, одан әрі «Құжаттарды жеткізу» бөліміне өтіп, өтінімді рәсімдеуді тиісті мәліметтерді толтыру арқылы аяқтау қажет.

Дайын құжаттар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен ағымдағы жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Бұл ретте сағат 17:00-ден кейін рәсімделген тапсырыстар келесі жұмыс күні жеткізілетінін ескерген жөн. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің құны                           7 000 теңгені құрайды.

«Біз азаматтарға арналған сервистерді жетілдіруді және мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған шешімдерді енгізуді жалғастырып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің іске қосылуы – қызмет алушыларымыздың қажеттіліктеріне бағытталған тағы бір маңызды қадам. Енді мемлекеттік қызмет нәтижесін алу бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы бола түседі», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Асқар Сандыбаев.

05 июня 2026
2026 жылғы 3 маусым күні аудан әкімі аппаратының ғимаратында өткізілген Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы «Е-2» санаты, 1 бірлік «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі конкурсқа қатысып, бос лауазымға орналасуға ниет білдірген үміткермен әңгімелесу қорытындысы

2026 жылғы 3 маусым күні  аудан әкімі аппаратының ғимаратында өткізілген  Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы   «Е-2»  санаты,  1 бірлік  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі  конкурсқа қатысып, бос лауазымға орналасуға ниет білдірген үміткермен әңгімелесу қорытындысы

 

         Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы «Е-2» санаты,  1 бірлік, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге Садырбаев Нурболат Мухтаровичтің  кандидатурасы ұсынылды.

 

 

3 маусым 2026 жыл

аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік

қызметтер мониторингі және персоналды

 басқарудың бірыңғай қызметі бөлімі

02 июня 2026
2026 жылғы 3 маусым күні аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ғұмар Қараш 61) өтетін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы «Е-2» санаты, 1 бірлік , «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі конкурсқа қатысушының әңгімелесуге жіберу туралы шешім

2026 жылғы 3 маусым күні  аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ғұмар Қараш 61) өтетін  Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы  «Е-2» санаты,  1 бірлік , «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі конкурсқа қатысушының әңгімелесуге жіберу туралы шешім

 

          Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы «Е-2» санаты,  1 бірлік, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген үміткер Садырбаев Нурболат Мухтарович.

 

 

2 маусым 2026 жыл

аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімі

15 мая 2026
Уважаемые жители района!

Құрметті аудан тұрғындары!

Жәнібек ауданы әкімдігі «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының аудандық туры өтетіндігін хабарлайды.
«Мерейлі отбасы - 2026» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4. ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5. балаларды тәрбиелегені үшін марапаттаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған марапаттаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6. заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8. қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9. дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түп нұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Құжаттар 15 мамыр-15 маусым аралығында мына мекен жай бойынша қабылданады:
Жәнібек ауылы, А.Иманов көшесі,106.
«Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ
Анықтама телефоны: 8 (71135) 21242

15 мая 2026
2026 жылғы 15 мамыр күні аудан әкімі аппаратының ғимаратында өткізілген Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы «Е-3» санаты, 1 бірлік «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі конкурсқа қатысып, бос лауазымға орналасуға ниет білдірген үміткермен әңгімелесу қорытындысы

2026 жылғы 15 мамыр күні  аудан әкімі аппаратының ғимаратында өткізілген  Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы   «Е-3»  санаты,  1 бірлік  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі конкурсқа қатысып, бос лауазымға орналасуға ниет білдірген үміткермен әңгімелесу қорытындысы

 

         Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы   «Е-3» санаты,  1 бірлік, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге Ибатов Миранбек Нурлановичтің  кандидатурасы ұсынылды.

 

 

15 мамыр 2026 жыл

аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік

қызметтер мониторингі және персоналды

 басқарудың бірыңғай қызметі бөлімі

14 мая 2026
2026 жылғы 15 мамыр күні аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ғұмар Қараш 61) өтетін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы «Е-3» санаты, 1 бірлік , «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі конкурсқа қатысушының әңгімелесуге жіберу туралы шешім

2026 жылғы 15 мамыр күні  аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ғұмар Қараш 61) өтетін  Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы  «Е-3» санаты,  1 бірлік , «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімішілік лауазымын иелендіру мақсатында ішкі конкурсқа қатысушының әңгімелесуге жіберу туралы шешім

 

          Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы «Е-3» санаты,  1 бірлік, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген үміткер Ибатов Миранбек Нурланович.

 

 

14 мамыр 2026 жыл

аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
10 апреля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ 2026-2036 жылдарға арналған Жәнібек ауданының Жәнібек ауылдары аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі қызметтерді жеткізушіні айқындау жөнінде

ХАБАРЛАНДЫРУ

2026-2036 жылдарға арналған Жәнібек ауданының Жәнібек ауылдары аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі қызметтерді жеткізушіні айқындау жөнінде

 

Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2026-2036 жылдарға арналған Жәнібек ауданының Жәнібек ауылын аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі қызметтерді жеткізушіні айқындау жөніндегі тендер өткізілетіні туралы хабарлайды, ол 2026 жылғы «04» мамыр сағат 10:00-де  мекен-жайы бойынша өтеді: БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Мажитов көшесі, 203 үй.

Конкурсқа келесі лоттар (учаскелер) бойынша:

 

Учаскенің

Учаскелердің шекарасы

Халық саны

Үйлерсаны:

1

1

Жәнібек ауылы

7995 адам

абаттандырылған

үйлер – 6 дана

 

 

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, тендерлік құжаттама шарттарына сәйкес келетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Мажитов көшесі, 203 үй мекен-жайы бойынша тендерлік құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім ұсынады.

Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 04 мамыр сағат 09:00-ге дейін.

2026 жылғы 04 мамыр сағат 11:00-де конкурстық Комиссия конкурс мәселелері бойынша алдын ала конференция өткізеді.

Анықтама алу үшін көрсетілген телефонға хабарласуға болады: 8(71135) 22-058.

Социальные сети
Жәнібек ауданы
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты