Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 тамызда өткен Тау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 тамызда өткен Тау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ

 

  1. Тау ауылдық округі әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 3 үміткер қатынасты.

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 626 сайлаушының 71,4 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Еркегулов Кенжебек Чапайұлына 306 (үш жүз алты), Култанова Үнзила Бердібекқызына 7 (жеті), Сариев Таңат Темірғалиұлына 101 (бір жүз бір), Шарипов Назар Амангелдіұлына 20 (жиырма) дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Еркегулов Кенжебек Чапайұлы Тау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Еркегулов Кенжебек Чапайұлы, 09.04.1978 жылы туылған, ұлты қазақ, Жұмыссыз, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Тау ауылының тұрғыны.

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 августа 2022