Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын 2021 жылғы 29 тамызға тағайындау туралы Шешім

Жәнібек ауданының                                                   Территориальная

аумақтық сайлау                                                 избирательная комиссия

комиссиясы                                                         Жанибекского района

 

ШЕШІМ                                                              РЕШЕНИЕ

____________________________________________________________________

            090500, БҚО, Жәнібек ауданы,                                                             090500, ЗКО, Жанибекский район,

       Жәнібек ауылы,  А.Иманов көшесі, 119                                                   село Жанибек, ул. А.Иманова, 119

             тел. 8 (71135)  21910                                                                                         тел. 8 (71135)  21910

          

30 шілде 2021 жыл1

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2021 жылғы 29 тамызға тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 29 тамызға тағайындалсын.
  2. 2021 жылғы 29 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округтің әкімі Жәнібек ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Шұғыла» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

  комиссиясының төрағасы                                                               Ж.Абдолов

 

 

Дата публикации
30 июля 2021