170 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ.

170 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ.

       Туған жерді жайнатып, тазалығын сақтау - әр перзенттің міндеті. Тазалық айлығындағы көз тояр істер әр сенбі сайын жалғасын тауып келеді. Бүгін ауданымыздың барлық мекеме қызметкерлері біркісідей жұмылып, сенбілікке шықты.Соның ішінде "Түлектер" саябағын тазалаған қызметкерлер 170 түп тал еккен. Сонымен қатар бағаналар да әктеліп, саябаққа жан кірген. Айналамыз таза әрі жасыл желекке толы болса, көңілді жайлылық билейтіні ақиқат. Өйткені біз сүрген өмір, жұтқан ауа, орта, көңіл күйіміз, барлығы да тазалыққа тікелей байланысты.